«Ботай» қонысы» туристiк маршрут

«Ботай» қонысы» туристiк маршрут

Саяхаттау жолы: автобуспен-жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Маршруттың ұзындығы: 45 км

Маршруттың жұмыс iстеу мерзiмi: жыл бойы.

Топ құрамының саны: 30 адамға дейiн

Маршрутты сипаттау: Маршрут Саумалкөл поселкесiнен басталады, оған дейiн Петропавл қаласынан рейстiк автобуспен Айыртау және Имантау селоларына дейiн жетуге болады.

Жолшыбай қоршаған ортаға антропогендiк әсер ету фактiсi ретiнде Саумалкөл көлiн қарап шығуға болады. Қазiргi кезде бұл көл барлық параметрлерi бойынша өлi. Адамдардың әрекетiнiң әсерiнен мұнда балық, су ортасының басқа тiршiлiк иелерi жоқ, суда өсетiн өсiмдiктер де өспейдi. Ескерткiшке келген бойда — қазбаларды қарай отырып, жаяу серуен. Ботай қазбалары (ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған) — неолит дәуiрiнiң ескерткiшi (б.э.д. 4-3 мың. — бiткен), көлемi 20 га. Ботай қонысы 1980 жылы ашылған және 23 жыл бойы зерттелуде. Мәдени мұраны насихаттау және туристiк маршрутты ұйымдастыру мақсатында қоныс жанынан ботай типтi үйлердiң екi макетi жасалған, бүгiнгi күнi олар тоқтап тұр. Бұл ескерткiштердiң ғылыми маңыздылығы осы зерттеулердiң Еуразия даласында шаруашылықтың өндiрушi түрлерiнiң, коммуникацияның жаңа жүйесiнiң, салт жүру мен дөңгелектi көлiкпен жүрудiң қалыптасуын көрсетуiнде.

Мақаланың шыққан күні: 25.09.2018
Қаралым саны: 3924