Дін

Солтүстiк Қазақстан облысында дiни ахуал бүгiнгi күнi тұрақты ретiнде сипатталады. Облыста конфессияаралық шиеленiс жоқ. Түрлi дiни конфессиялар өкiлдерiнiң өзара iс-қимылында оң динамика сақталуда, олар бiр-бiрiне түсiнiстiкпен қарайды және дiнге төзiмдiлiк танытады.

Облыста 139 дiни бiрлестiк пен филиал бар. 169 ғибадат ғимараты жұмыс iстеп тұр (оның iшiнде 63 — мешiт, 30 — православ храмы, 43 — католик костелы, 33 — протестант шiркеуi). 10 ғибадат үйi салынып жатыр, соның iшiнде 4 мешiт пен 6 православ храмы.

Өңiрдiң дiншiл тұрғындарының хал-ахуалы жақсы болуына жағдай жасайтын факторлар: әлеуметтiк-экономикалық проблемалардың уақтылы шешiмiн табуы, өңiрде мемлекеттiк органдармен, дәстүрлi дiндер өкiлдерiмен, қоғамдық бiрлестiктермен бiрлесiп, ҮЕҰ тартумен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесi арқылы халық арасында жүргiзiлетiн кешендi ақпараттық-түсiндiру жұмысы, сонымен бiрге құқық қорғау органдары дiни ұйымдардың қолданыстағы дiн саласындағы заңнаманың сақтауын бақылау бойынша қабылдаған шаралары.

Облыста дiни бiрлестiк көшбасшылары арасында өзара iс-қимылды нығайтудың оң динамикасы сақталуда. Дәстүрлi дiни конфессиялардың басшылары айтулы дiни күндерi бiр-бiрiне барып, құттықтайды (Мәулiт, Рождество, Ораза, Пасха, Наурыз).

Облыста 16 ақпараттық-түсiндiру тобы (бұдан әрi — АТТ) жұмыс iстейдi, соның iшiнде 1 облыстық, 1 қалалық, 13 аудандық, 1 облыстық жастардың. АТТ мүшелерiнiң жалпы саны 89 адам.

Есептi кезеңде дiн iстерi басқармасының (бұдан әрi — ДIБ) және Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының (бұдан әрi — КҚТДО) қызметкерлерi облыста және Петропавл қаласында 578 түрлi форматтағы ақпараттық-түсiндiру iс-шарасын өткiздi, олармен 18039 адам қамтылды, олардың iшiнде: халықпен кездесу — 380/11794 адам қамтылды, семинарлар 24/935, дәрiстер — 90/2823 «дөңгелек үстелдер» — 82/2430, конференциялар — 1/37, брифинг — 1/20.

Қазiргi таңда облыстағы 63 мешiтте 88 дiни қызметшi (имамдар, наиб имамдар, молдалар, ұстаздар) дiни қызметiн жүзеге асырып жатыр, олардың iшiнде 42 немесе 45%-ының дiни бiлiмi бар (жоғары дiни бiлiмi — 18, арнайы орта — 24, бiлiктiлiк арттыру курстары — 46).

30 православ приходында 30 дiни қызметшi қызмет атқарады, олардың 12-сiнiң жоғары дiни бiлiмi бар.

Петропавл деканатында 11 жергiлiктi дiни бiрлестiк жұмыс iстейдi, олар Қазақстан католик шiркеуiнiң канондық құрылымы — Астана қаласындағы Әулие Мария архиепархиясына кiредi.

Рим католик шiркеуiнiң 43 костелы бар. Рим католик қауымдарының ғибадат үйлерiмен қамтамасыз етiлу деңгейi шамамен 97% құрайды. 11 рим католик приходында 8 настоятель, 3 викарлы көмекшi, 3 дiни қызметшi, 24 монах әйел қызмет атқарады. Барлық дiни қызметшiлердiң жоғары дiни бiлiмi бар.

Облыста 32 протестанттық дiни бiрлестiк тiркелген. Дiндарлардың иелiгiнде 33 ғибадат ғимараты бар.

Облыс аумағында 9 елден (Польша, Германия, Швейцария, Австрия, Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан) 43 миссионер тiркелдi. Олардың iшiнде 38-ы рим католик шiркеуiне жатады, 3-еуi жаңа апостол шiркеуiне, 1-еуi лютеран, 1-еуi ислам бағытына. 43 миссионердiң 36-сы шетелдiк және 7-еуi қазақстандық.

«Дiни ахуал мониторингi» зерттеуiнiң мәлiметi бойынша облыс тұрғындарының көбiсi өзiн дiншiл санайды (82,9%). Дiни тәжiрибеде солтүстiкқазақстандықтар бұрынғысынша ұстамды. Iс жүзiндегi дiншiлдер пайызы дәлсiздiктi ескере отырып 20% құрайды. Солтүстiк Қазақстан облысының дiндарлары тұрғындар арасында құрметке ие. Солтүстiкқазақстан дiншiлдерiнiң көбi (68,5%) дiндарлардың бәрiне немесе басым бөлiгiне құрметпен қарайды. Облыс тұрғындары елiмiздегi және облысымыздағы дiни ахуал мен конфессияаралық қарым-қатынастарға оң бағасын беруде (75,4%-дан астамы).

 ГОРОДСКАЯ МЕЧЕТЬ КЫЗЫЛЖАР МЕЧЕТЬ «НУР» МЕЧЕТЬ «КЫЗЫЛЖАР»
МЕЧЕТЬ «ДИН-МУХАММАД» СОБОР СВЯТЫХ ПЕТРА И ПАВЛА ХРАМ ВОЗНЕСЕНИЯ
КАТОЛИЧЕСКАЯ ЦЕРКОВЬ ХРАМ ВСЕХ СВЯТЫХ ХРАМ ПРЕСВЯТОГО СЕРДЦА ИИСУСА

 

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.08.2022 20:56