Облыстық Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

Администрацияның жұмыс уақыты: сағат 09:00-18:00 дейiн, сенбi, жексенбi — демалыс күнi.

Шығармашылық құрамның жұмыс уақыты: сағат 11:00-15:00 дейiн, 18:00-21:00 дейiн, дүйсенбi — демалыс күнi.

Бiр билет құны: балалар билетi — 500 тг., үлкендер билетi — 800, 1000, 1200 тг.

Директор: Рамазанов Спартак Өмiрзақұлы.

Телефон-факс: 8 (7152) 46-61-35.

Веб-сайт: www.pogodina.kz

Мекенжайы: 150000, Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 1.

1886-87 жж. қысқы маусымнан бастап театрдың тарихы басталған болатын. Қаланың театрлық мәдениетi ХIХ ғасырдың 60 жылдарында пайда болды. Томск «Сибирский вестник» (1887 ж. қаңтар) газетiнiң бетiнде, оқимын: Петропавлда «А.Г. Горбуновтың серiктестiк басшылығымен — драма театрының бiр тұтас жиынтығы орналастырылған».

1906 жылдары Приютский (1908 жылдан бастап Театральная) көшесiнде тұрғындардың қаражатына жаңадан тастан ғимарат тұрғызылды. Спектакльдерде жас әртiстер: Е.Л. Ленина (Өзбек ССР халық әртiсi) және Н.С. Некрасов (1958 жылдан бастап РСФСР халық әртiсi) рөлдердi сомдаған. Қалада белгiлi Мәскеудiң әртiстерi, танымал гастрольшiлерi болатын: М.И. Велизарий, П.Н. Орленёв. 1923 жылдың көктемiнде Орыстың кеңестiк театры өзiнiң шығармашылық жұмысын бастады. Тәжiрибелi ұйымдастырушы және дарынды актер, бұрынғы кәсiпкер Н. Сарматов басқарған болатын. М. Горькийдiң, А.Н. Островскийдiң пьесалары сахналанды, спектакль-митингтер ұйымдастырылатын, «тiрi суреттер» — «Еңбек әнұраны», «Ұлы коммунар» және де т.б.

1934 жылы петропавлдықтар ең алғаш рет «Правда» газетiнiң тұрақты тiлшiсi Н.Ф. Погодиннiң драматургиясымен танысты, 1962 жылдың күзiнен бастап театр Ленин сыйлықақысының иегерi, үздiк кеңес драматургының атында. 1972 жылы театр заманауи ғимаратқа көштi.

Театрда Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше белсендiлiкпен ерекшеленедi. Театрдың көптеген қызметкерлерi және әртiстерi майданға шақырылды, осыған қарамастан қалған қызметкерлер театр-концерттiк бригадасын құрып шақыру пунктi, әскери бөлiмдер, госпитальдарға шығатын. Өз еңбектерiмен олар жауынгерлердiң рухы мен көңiлдерiн көтеретiн. Осы кезеңде труппаға жаңа актерлiк күштер қосылады: А.С. Краснопольский, Л.А. Покрас, К.К. Чосс, Э.Д.Мильтон. Соғыс жылдарында отызға жуық премьералар өттi: «Нашествие» Л. Леонов, «Синий платочек» В. Катаев, «Человек с ружьем» Н. Погодин және т.б.

Әсiресе, театр ұжымының шығармашылық ойы тың және тыңайған жерлердi игеру жылдары жемiстi жұмыс iстедi. Н. Погодин, У. Шекспир, А. Островскийдiң пьесалары бригадалық егiс даласында сахналанған, сахнаны автомобиль шанағы, ал грим бөлмесiн тың игерушiлерге арналған шатыр алмастыратын.

ХХ ғасырда театр труппасы шығармашылық қызықты дара тұлғаларды ұсынды? Кейiннен шеберлер болған: А. Ковалевский, В. Долматов, Н.Соколова, А. Александров, П. Рогальский, Н. Найденов, К. Чосс, сондай-ақ аңызға айналған есiмдерi, қазақстан сахнасының алтын қорына енген — ҚР халық әртiстерi Тамара Кучина, Геннадий Шарнин, Иван Арчибасов. 50-жылдары атақты сахнасында өнер көрсеткен ұлы орыс атерлерi: М. Царев, Е. Козырева, Р. Нифонтова, В. Лановой, Андрей және Григорий Абрикосовы, Е. Матвеев, П. Светиков.

Өзiнiң 100-жылдық мерейтойын театр КСР Одағының А.Н.Островский атындағы Шағын театр сахнасында Мәскеу қ. гастролiмен атап өттi (маусым 1987 жыл). Қазақ ССР Халық әртiсi Николай Петрович Арчибасов А.Кудрявцевтiң «Иван и Мадонна» спектаклiнде қатардағы ұлан Иван Климовтың рөлiн сомдағаны үшiн Дм.Попов атындағы медалмен марапатталған, ал елдiң жетекшi сыншыларымен бiздiң театрымыздың кәсiби деңгейiнiң жоғарлығы аталып өтiлдi.

Жарқын тарихы бар театр бұрынғы Кеңес Одағының 52 қалаларында болды, өткен ғасырдың 80 жылдарының соңында талғампаз мәскеу көрменiн таңқалдыра бiлдi.

Театр көптеген он жылдықтарда қазақ және орыс драматургиясының тiзбегiн байланыстырушы болып келедi. Театр сахнасында Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Әлжаппар Әбiшев, Оразбек Бодықаев, Нұрлан Оразалиннiң пьесалары үлкен табыспен сахналануда.

Орыс театрының үздiк дәстүрiне негiзделе отырып, театр өзiнiң ұзақ тарихында әлемдiк драматургтар — У. Шекспир, А. Островский, Л. Толстой, Н. Гоголь, А. Чехов, А. Тургенев, Т. Уильямс, Ф. Шиллер, Г. Ибсен, А. Вампилов, В. Арбузов, В. Шукшиннiң пьесаларының үздiк деген шығармаларын оқуда.

Театрдың жаңа шығармашылық даму кезеңi Қазақстанның Тәуелсiздiк жылдары.

Театр республикалық және айтулы халықаралық фестивальдерге қатысқаны үшiн көптеген дипломдармен марапатталуда.

VIII Республикалық театр фестивалiнде (Қарағанды қ.) — А. Фредо «Дамы и гусары» спектаклiнде ойнағаны үшiн «За мастерство» дипломымен ҚР халық әртiсi Л.Н. Турпаян марапатталды (2001 ж.).

Түмен қаласында өтен «Золотой конёк» IV ашық театр фестивалiнде (2004 ж.) Э. Медведкиннiң «Фелекс» спектаклi дипломмен марапатталды.

Халықаралық Мәскеулiк театр фестивалi «Молодость века» Э. Радзинскийдiң пьесасы бойынша «Лила» спектаклiнде үздiк әйел рөлi үшiн Ирина Пашкина марапатталды.

2002 жылдары Петропавл қаласында өткен Х Республикалық театр фестивалi және Ғабит Мүсiреповтың 100-жылдығына арналған фестивальде СССР халық әртiсi, мемлекеттiк сыйлықақының иегерi, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» А.М. Мамбетовтың қойылымы бойынша «Козы-Корпеш и Баян-Сулу» спектаклi Гран-Придi иеленген.

Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған ХV Республикалық театр фестивалiнде, Федор Михайлович Достоевскийдiң «Мордасовские сны» пьесасы бойынша «Дядюшкин сон» спектаклi (режиссерi ҚР еңбек сiңiрген әртiсi В. Шалаев) Гран-При игерi атанды.

Алматы қ. өткен II Халықаралық Орталық Азия фестивалiнде (2008 ж.) «Суд Магжана» спектаклi «За яркое воплощение на сцене исторической личности Казахстана» номинациясында лауреат атанды.

СССР халық әртiсi, мемлекеттiк сыйлықақысының иегерi, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» А.М. Мамбетовтың 80 жылдығына арналған ХХ Республикалық театр фестивалiнде — А.Н. Островскийдiң «Гроза» пьесасында (режиссер Т. Кәрiмжанов) Кабанинаның рөлiн сомдаған ҚР халық әртiсi Л.Н. Турпаян сахналық көп жылдығы үшiн сыйлықақыға ие болды.

Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған ХХI Республикалық Қазақстан драма театрларының фестивалiнде (Ақтөбе қ. 2013 ж.) Мұхтар Әуезовтың пьесасы бойынша «Карагоз» спектаклiнде Маржанның рөлi үшiн «Мәдениет саласының үздiгi» құрмет белгiсiнiң иегерi Ирина Полещук көрермендер көзайымы жүлдесiнiң иегерi атанды, оған диплом, ақшадай сыйлықақы, фестиваль мүсiншесi табысталды.

VII Халықаралық заманауи драматург театрларының фестивалi (Екатеринбург қ. 2013 ж.) Анна Богачёваның «Царская ёлка» (режиссер Елена Покрас) ертегiсi «балалар аудиториясын нақты түсiнгенi және жарқындығы» үшiн фестиваль дипломымен марапатталған.

Астана қаласының 15 жылдығына арналған Республикалық театр фесивалi — Дж. Чэпмен, Д. Фрименнiң пьесасы бойынша «Ключ для двоих» спектаклi үшiн театр ұжымы мерейтойлық дипломмен марапатталды.

Алматы (2002 ж.), Омбы (2005 ж.), Астана (2015 ж.), Қарағанды (2015 ж.) Көкшетау (2016 ж.) ққ. үлкен жетiстiкпен гастрольдер өттi.

2015 жылғы маусым айында Н.Погодин атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық орыс драма театры «Чемоданное настроение» (қоюшы-режиссер — Елена Покрас) ертегiсiмен Екатеринбург қ. өткен IХ халықаралық «Коляда Plays» фестивалiне қатысты. Спектакль ең қатал төрешi — балалармен, сондай-ақ театр сыншылары жоғары бағалады.

Соңғы 25 жылдықта театр сахнасында үлкендерге арналған жаңа 100 қойылым және балаларға арналған 80 спектакль жүзеге асырылды.

Тетар ұжымы ауыл халқына мәдени қызмет етуде: осы уақыт аралығында ауылды жерде 600 спектакль көрсетiлiп, 195,0 көрерменге қызмет көрсетiлдi.

Ағымдағы 2017 жылы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған Халықаралық көрме шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерiне Н.Погодин атындағы театр ұжымы қатысқан болатын. Елорда тұрғындарына және қонақтарына 25 тамыз музыкалық спектакль «Ночь перед Рождеством» ұсынылды (авторы — О. Ернев Н. Гогольдiң шығармалар желiсi бойынша, қоюшы-режиссер — Е. Покрас). 

Бұдан басқа 2017 жылы театрдың шығармашылық құрамы «Белая Вежа» Халықаралық театр фестивалiне қатысты. Беларусь сахнасында «Джут» спектаклi көрсетiлдi (авторы — Олжас Жанайдаров, қоюшы режиссер — Тимур Кәрiмжанов). Фестиваль қорытындысы бойынша театр қатысушының құрмет грамотасымен марапатталды. 

Қазiргi таңда театрдың көркемдiк жетекшiсi Елена Покрас. Айта кету керек, қазiр шеберлермен қатар сахнада ҚР халық әртiсi Л. Турпаянмен, ҚР еңбек сiңiрген әртiс Н. Косыгинамен, «Мәдениет қайраткерi» құрметтi белгiнiң иегерi В. Шустовпен, А. Наргеленаспен (Мәдениет саласының үздiгi), Л. Шустовамен (Мәдениет саласының үздiгi), Б. Васкомен (Мәденет саласының үздiгi), Л. Шалаевамен (Мәдениет саласының үздiгi), И. Полещукпен (Мәдениет саласының үздiгi), И.Пашкинамен (Мәдениет саласының үздiгi), Т. Фомиченкомен (Мәдениет саласының үздiгi), сондай-ақ А. Никулин, Е. Патешкин, В. Алфимов, М. Черняк, М. Залевская қызмет етуде, театр жастарыда жаңа ағыс енгiзуде. Олар И. Астанина, Е. Вахрина, Ж. Мұқанов, С. Жамина. В. Гронская және т.б. Бұл факт көркемдiк дәстүрдiң погодиндықтардың сенiмдi қолында екендiгiн дәлелдейдi. Cпектакльдi жасауда суретшiлер, бутафорлар, гримшiлер, костюмерлер, тiгiншiлер, жарық берушiлер жұмыс iстейдi. Ондаған жылдар бойы олар өз мамандықтарына адал қызмет етуде. Қойылым бөлiмiнiң меңгерушiсi М. Покрас (Мәдениет саласының үздiгi), костюмер цехiнiң меңгерушiсi Л. Андрюшкина, костюмдер бойынша суретшi С. Таныгина (Мәдениет саласының үздiгi), бас администратор Е. Медведева, жарық бойынша суретшi А. Игнатьев, монтаждау бөлiмiнiң аға инженерi И.Кореневский, тiгiн цехiнiң меңгерушiсi М. Киященко.

Бүгiнгi репертуар афишасында 20 спектакль, соның iшiнде 14 спектакль үлкендерге, 6 балаларға арналған: «Суд Магжана» В. Шалаев, «Гроза» А. Островский, «Султан Бейбарс» Р. Отарбаева, «Деревья умирают стоя» А. Касона, «Поллианна» Э. Портер, «Джут» О. Жанайдаров және т.б. Жылда театр 165 спектакль көрсетiп, 30 мың көрерменге қызмет етуде.

Театр ұжымы бiрнеше рет облыс әкiмiнiң грамоталарымен марапатталды.

Даусыз рухани және шығармашылық әлеуетi бар погодиндықтар қалыптасқан дәстүрлерiмен және басымдықтары 131 театр маусымына шықты.

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 12:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.04.2024 14:43