«Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенi

Мекен-жайы: Петропавл қ-сы, К. Сүтiшев к-сi, 1б.

Директоры: Садаев Аян Набиевич.

Байланыс телефоны: 492937, 492132.

Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлiгi Кеңесiнiң Қаулысымен мемлекеттiк сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткiшi «Абылай хан үйiнде» қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестiң байқатқан мүддесi негiзiнде және-де облыс басшылығымен алғашқы түрде болған тарих ескерткiштерiн құру мәселесi бойынша шешiм қабылданған.

Жобаны iске асырудың мақсаты Абылай ханның өмiрiне қатысты экспозиция құру және ескерткiш-ғимаратты қалпына келтiру жұмыстарды жүргiзу, резиденция аумағын көрiктендiру жұмыстарын iске асыру, қазақ халқының алып ұлына арнап «Абылай хан ат үстiнде» ескерткiшiн орнату болып табылады.

Мұражайды көркемдеп әшекейлендiру жұмысын «Қазреставрация» АМК iшкей кәсiпорыны, «Дара» ЖШС iске асырды.

Кешен құрамына

  1. Абылай хан үйi 2 қабатты, жалпы аумағы — 1078 м².
  2. Абылай хан кеңсесi, жалпы аумағы — 37,08 м².
  3. Қонақ жайы, жалпы аумағы — 37,08 м².
  4. Монша, жалпы аумағы — 37,08 м².
  5. Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы — 1288,5 м².
  6. Жердiң жалпы аумағы — 1,58 га енедi.

Мұражайда XVIII ғасырдың ұлы қайраткерiнiң тарихи үлестерiн айқындайтын Абылай ханның өмiрi туралы экспозиция құрылды.

«Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенiне 4 экспозициялық залдар кiредi: 1 зал. «1711–1770 жылдардағы Абылай хан өмiрлiк кезеңi», 2 зал. «Абылай тынышы», 3 зал. «Тақ залы», 4 зал. «Абылай хан- ұлы мемлекеттiк қайраткер»

Мұражай ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды.

«Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде қазақ халқының мәдениетi мен тарихын терең бiлiп өрбуге машықтайтын маңғаз тарихи ескерткiшi бой көтердi.

Шолу және тақырыптық экскурсиялар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Мектеп түлектерi мен шәкiрттер үшiн құрамына әр түрлi iс-шаралар енгiзiлген бағдарламалар әзiрлендi:

  • Қош келдi, Наурыз!!!
  • «Ер аты — халық жадында»
  • «Халық ертегiлерi» кiредi.

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 15:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 15:40