Жазушы Ғ. Мүсiреповтың үй-мұражайы

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы.

Директоры: Кашаева Клара Өтегенқызы.

Байланыс телефоны: +7 71545 3-36-45.

Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Жазушы Ғ. Мүсiреповтың үй-мұражайы 1992 жылы ашылып, оның өмiрi мен шығармашылығына арналған. Мұражай 278 ш.м. аумақты құрайды, одан экспозициялық көлемi 95,3 ш.м., басқа аумақта қонақ үй орналасқан мансардасы бар бiр қабатты жай болып табылады. Мұражай экспозициясы әдеби мұра негiзiнде құралып, жазушының қоғамдық, мемлекеттiк қызметiн айқындайды. Залдарда Ғ. Мүсiреповтың барлық ғұмырлық жолын айқындайтын жәдiгерлер-жеке киiмдерi, құжаттар, жазушының фотобейнелерi орын алады және жазушының анасы Дина Оңарбай қызы, ағалары мен апалары туралы да мәлiмет табуға болады. Этнографиялық зал қазақ халқының тұрмысын бейнелейтiн бұйымдар: самауыр, торсық, ұлттық әйел және ер адамның киiмдерi, керосин шамы және т.б. Жамбыл ауданындағы жерлестерi, туысқандары жазушының өмiрлiк жолын айқындайтын көлемдi әрi толыққанды материал жинады. Мұражайдан алыс емес жерде жазушыға арнап бюст орнатылған. Жыл сайын аудан қоғамы Ғ. 

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 16:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 16:14