Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастығының XV Форумы

Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастығының XV Форумы

Ағымдағы жылғы 8-9 қарашасында Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастығының XV Форумы өтедi.

Алдағы XV Форумның тақырыбы «Қазақстан мен Ресейдiң туристiк индустриясын дамытудың жаңа тәсiлдерi мен үрдiстерi» болып табылады. Туристiк сала ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бiрi және Қазақстанның Ресей Федерациясымен екiжақты ынтымақтастығының басты бағыты ретiнде қарастырылуда.

XV Форумның негiзгi мақсаты ҚР мен РФ iскер топтары мен мемлекеттiк құрылымдары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету, туризмнiң әртүрлi түрлерiн дамыту мен iлгерiлетудiң озық тәжiрибелерiмен алмасу, туристiк индустрияға өзара инвестициялар ағымын ынталандыру арқылы туристiк саладағы Қазақстан мен Ресейдiң өзара iс-қимылын кеңейту болып табылады.

XV Форум аясында Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай iс-шараларды:

  1. пленарлық отырыс;
  2. панелдiк сессиялар;
  3. Қазақстан-Ресей туристiк көрме.

Жалпы алғанда ХV форумды өткiзу туристiк салада сапалы жаңа өзара байланыстарды дамытуға қосымша серпiн берiп, сауда-экономикалық қатынастардың кең спектрi бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi тереңдетуге мүмкiндiк бередi.

Форумға тiркелеу https://tourismforum.kz/

Мақаланың шыққан күні: 18.10.2018
Қаралым саны: 2232