Түмен қаласы бойынша ақпараттық туры

2018 жылғы 17-22 қыркүйек аралығында Түмен қаласында Ресей қалалардың мен Солтүстiк-Қазақстан облысының туристiк бизнес өкiлдерi үшiн ақпараттық тур өттi.

Солтүстiк Қазақстан облысы делегациясынан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы, Солтүстiк Қазақстан туристiк ассоциациясы, CHC «Чайка», «Солнечный ВИП» және «Ардагер» демалыс орталықтары, «City Travel» және «Sea Zone» туроператорлар қатысты.

Ресей аймақтарының тур қатысушылары Челябi, Қорған, Омбы, Мәскеу, Түмен, Удмуртия, Орынбор, Екатеринбург, Новосiбiр және Алтай туристiк бизнес өкiлдерi қатысты.

Түмен облысының тұтыну нарығындағы және туризм департаментi және «Алеан» ұлттық туроператор ақпараттық турдың ұйымдастырушылары.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мiндетi Түмен облысының көрiктi және туристiк ресурстары туралы ақпараттық және фотоматериалдардың жаңаруы болды.

Ақпараттық тур туризмнiң көрiктi, гастрономиялық, индустриалды, медициналық және мәдени-танымдық сияқты салаларында өттi.

Қатысушылар Түмен қаласының экскурсиямен өттi және оның сәулет және тарихымен танысты, «Восток» қонақ үйге «Красная гвоздика», «Тараскуль», «Сибирь» және «Ласточка» санаторийларға, кәдесыйлар галереясына, «Летолето» паркi-қонақ үйiне барды, турдың соңында қатысушылар Тобыл қаласына көшiп кеттi және облыстың мәдениетi мен салтымен, монастырьларға, мұражайларға, қонақ аулаға, түрме бекiнiске және наместник сарайына барып танысты.

Осы ақпараттық турларды өткiзу трансшекаралық ынтымақтастықты жақсартуға және шекаралас өңiрлердiң туристiк бизнес субъектiлерiмен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.

Туризм, сондай-ақ экономиканың басқа салалары табыс әкелуi керек. Бұл саланы дамыту үшiн барлық алғышарттарымыз бар!

Түмен қаласы бойынша ақпараттық турыТүмен қаласы бойынша ақпараттық туры

Мақаланың шыққан күні: 24.09.2018
Қаралым саны: 1893