Ағымдағы жылдың 3 мамырынан бастап Қостанай қаласында «Қостанай. Туризм-2019» II аймақтық туристiк көрме басталды.
Көрме туризм саласындағы байланыстарды қалыптастыру және нығайту саласында тәжiрибе алмасу алаңы болып табылады. Қатысушылар 30-дан астам туристiк бизнес субъектiлерiнiң өкiлдерi, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысыннан «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ өкiлдерi қатысады.
Көрменiң мақсаты Қазақстанның туристiк әлеуетiн ашу, сондай-ақ iшкi және келу туризмiн дамыту болып табылады.
Бұдан басқа, iс-шара шеңберiнде а.ж. 4-5 мамырда туристiк компаниялар мен өңiрлер өкiлдерi үшiн Қостанай облысының көрiктi жерлерi бойынша екi күндiк ақпараттық тур өткiзу жоспарланған.