«Отдых! Omsk-2019» II Халықаралық туристiк-көлiк форумы

Ағымдағы жылдың 19 сәуiрiнен бастап Омбы қаласында «Отдых! Omsk-2019» II Халықаралық туристiк-көлiк форумы жұмысын бастады.

Форум туризм саласындағы халықаралық және өңiраралық байланыстарды қалыптастыру және нығайту саласында тәжiрибе алмасу алаңы болып табылады. Оған Сiбiр, Орал федералды округтерiнiң, туристiк бизнес субъектiлерiнiң өкiлдерi, туристiк инфрақұрылым объектiлерiнiң өкiлдерi, туристiк бейiндегi бiлiм беру мекемелерiнiң өкiлдерi, сондай-ақ «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ және «Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң туризм бөлiмi» КММ өкiлдерi қатысты.

Пленарлық отырыс және келiссөздер алаңдары шеңберiнде көлiктiк құрамдауышты дамытудың және туризм саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары, бәсекеге қабiлеттi туристiк өнiмдi құру және жылжыту, сондай-ақ кадрларды даярлау жүйесiн жетiлдiру талқыланады.

Форумның ауқымды iскерлiк бағдарламасына: жоғары оқу орындары арасындағы конференция, туризм бойынша Ресей Федерациясы субъектiлерiнiң «Сiбiр келiсiмi» экономикалық өзара iс-қимылының пәнаралық қауымдастығы Сараптамалық-кеңес беру кеңесiнiң отырысы, мұражайлардың басшылары мен қызметкерлерi үшiн тренинг, сондай-ақ өңiрдiң туристiк тартымды объектiлерiнiң көлiктiк қол жетiмдiлiгi мәселелерiне, ауыл және экологиялық туризмдi дамытуға арналған жұмыс кеңестерi, дөңгелек үстелдер кiредi.

Сонымен қатар, форум аясында көрме павильоны өз жұмысын жүргiзуде, онда өңiр стендтерi қойылған жерде, оның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысында да, өңiрлiк туроператорлар, Сiбiрдiң халықтық-көркем кәсiпшiлiктерi ұйымдары, ұлттық мәдени орталықтар, муниципалдық құрылымдар мен Омбы облысының мәдени мекемелер ұсынылған. Туристiк сала өкiлдерi үшiн Омбы қаласы бойынша ақпараттық тур өтедi.

Мақаланың шыққан күні: 19.04.2019
Қаралым саны: 2001