Саяхаттау жолы: жаяу
Ұзақтығы: 1 күн
Маршруттың ұзындығы: 7 км
Маршруттың жұмыс iстеу мерзiмi: 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейiн.
Топ құрамының саны: 10 адамға дейiн
Маршрутты сипаттау: маршрут Имантау ауылынан басталады, онда туристер ауылдық қонақ үйлерде тұрады. Маршрут «Боровушка» демалыс аймағы арқылы аралас орман бойынша оңтүстiкбатыс бағытында жатыр. Содан кейiн «Угловая» шоқысының шығыс бөктерiмен көтерiлiп, бөрене өткел арқылы соқпақ жол «Ракельского» үңгiрiне апарады. Мұнда барлау алаңы жабдықталған. Одан әрi оңтүстiк бөктер арқылы «Котелок» шоқысының шыңына көтерiлу, онда да байқау алаңы жабдықталған. Одан кейiн батыс бөктер арқылы «Буян» аңғарына аз уақыт аялдаулармен түседi. әрi қарай солтүстiк-шығыс бағытында Имантау көлiнiң жағалауымен Имантау селосындағы тұратын орындарына қайту.