«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Солтүстік Қазақстан облысының Туристік қауымдастығы ұйымдастырған кеңес өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері, туристік бизнес субъектілері мен орналастыру орындарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында жазғы туристік маусымға дайындық, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды іске асыру және өңірдегі оқиғалық туризмді дамыту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ туристік инфрақұрылымды жетілдіру, облыстың туристік әлеуеті туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, демалыс орындарын белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.