Қазақстанда туристік ақпарат орталықтарының қызметін ұйымдастырудың бірыңғай қағидалары бекітілді

Құжат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әкімдігі құратын туристік ақпарат орталықтарының жұмыс тәртібін біріздендіреді. Қағида туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және туристік ақпараттандырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
 
Қағидаларға сәйкес туристік ақпарат орталықтары мынадай функцияларды орындайды:
  • туристік маршруттар, көрікті жерлер, туризм нысандары, оларды аралау тәртібі, қауіпсіздік шаралары, қолданыстағы шектеулер және төтенше жағдайлар қызметтерінің байланыс деректері туралы өзекті ақпарат беру арқылы туристерді ақпараттандыру;
  • туризм саласындағы кәсіпкерлерге ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету;
  • өңірлердің туристік әлеуеті, туристік ресурстары, маршруттары, туризм нысандары мен туристік қызметтері туралы ақпаратты жинақтау, жүйелеу және тұрақты түрде жаңартып отыру;
  • ақпараттық, анықтамалық, әдістемелік, жарнамалық және таныстырылым материалдарын әзірлеу;
  • өңірлердің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық туристік нарықта ілгерілетуге қатысу;
  • «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен бірлесіп туристік әлеуетті ілгерілету және визит-орталықтармен өзара іс-қимыл жасау. 
Қағидалар туристік ақпарат орталықтарының қызметіне қойылатын міндетті талаптарды да айқындайды. Атап айтқанда, орталықтарда келушілерге қызмет көрсетуге арналған үй — жай немесе арнайы жабдықталған орын, байланыс құралдары мен интернетке қолжетімділік, өзекті ақпараттық материалдар, қызметкерлер, сондай-ақ туристік ақпаратты тұрақты жаңартып отыруға арналған ішкі рәсімдер болуы тиіс.
 
Келушілерге ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Ұйымдастырушылық мүмкіндік болған жағдайда ақпарат шет тілдерінде де беріледі. Туристік ақпарат орталықтарының жұмыс режимін туристер ағынының маусымдылығы мен туристердің қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
 
Қағидалардың қабылдануы туристік ақпарат орталықтарының қызметін бірыңғай стандарт бойынша ұйымдастыруға, туристер үшін ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен туризм саласындағы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.
 
Мақаланың шыққан күні: 31.07.2026
Қаралым саны: 224

Полезная информация

Infobus Mobile

Infobus Mobile — это мобильное приложение, предоставляющее информацию о расписании автобусов, поездов и других видов общественного транспорта. Приложение разработано для того, чтобы помочь путешественникам планировать свои поездки, отслеживать расписание и получать информацию о маршрутах и билетах.

Download on the App Store GET IT ON Google Play Download on AppGallery

2 GIS

2ГИС (Городской информационный сервис) — это популярное приложение и веб-сервис, который предоставляет подробную информацию о компаниях, учреждениях, организациях, услугах и местах в различных городах. Приложение 2ГИС широко используется людьми в городах России, Казахстана, Киргизии и других стран. Оно предоставляет удобный способ получить информацию о любом месте в городе и организовать свои дела.

↑