Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы

Мекен-жайы: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сi, 48

Директор: Мукушева Гульнара Бутановна

Қабылдау бөлмесi: +7 7152 46-20-97

e-mail: skomo@inbox.ru

Жұмыс уақыты: 10:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды.

Мұражай 19 ғасырдың соңында салынған сәулет өнерiнiң ескерткiштерi болып есептелетiн бiрнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражайдың негiзгi ғимараты бұрынғы саудагер Т. Л. Аркельдiң үйiнде орналасқан, мұражайдың әкiмшiлiгi, қор сақтау жерi және кiтапханасы Стрелов көпестiң бұрынғы дүкендерi мен қоймаларында орналасқан.

Мұражайда 2004–2005 жылдары қазiргi дизайнға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргiзiлдi. Мұражайдың көлемi — 2400 шаршы метр, оның iшiнде экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Экспозиция 13 залда орналасқан және жалпы тарихтық кезеңдер ескерiлiп, көне кезден қазiргi кезге дейiн көрсетiлген.

Мұражай кешенiнiң жөндеу жұмыстары Алматы қ. «Казреставрация» РМК, бастығы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жүргiздi. Көркемдеу жұмыстарын Астана қ. «Дара» ЖШС, бастығы Жансүгiров Алмас Дүзелханұлы жүргiздi. Мұражай қайта жасаудан кейiн 2005 жылдың 27 қарашасында ашылды.

Мұражайға келушiлер Солтүстiк Қазақстанның археологиялық зерттеулерiнiң материалдарымен, өлкемiздiң көне тарихы бойынша тамаша жәдiгерлерiмен таныса алады. Қазақ халқының этнографиясы және қазақ мемлекеттiлiгiнiң құрылу тарихы кеңiнен көрсетiлген. Қазақстанның Тәуелсiздiк жылдары кезiндегi дамуын көрсететiн экспозиция бiраз жердi алған. Ол 3 залдан тұрады: «Қазақстан Тәуелсiздiк жылдарында», «Солтүстiк Қазақстан Тәуелсiздiк жылдарында», «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары». Құжаттардың, фотоматериалдардың негiзiнде дамып келе жатқан экономика, қоғамды демократияландыру, халықаралық қарым-қатынасы көрсетiлген.

Мұражай қорында 350 мың жәдiгер бар. Мұражай өзiнiң топтамаларын экспедициялар арқылы, басқа мұражайлармен айырбастау арқылы, қалалықтардың көмегi арқылы толықтырды. Мұражай мұражайлық топтамаларды өндеу бойынша әдiснаманы жетiлдiру үшiн «Музеолог» бағдарламасын алды.

2006 жылдың 6 қыркүйегiнде мұражайға Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев келдi, ол Қазақстан облыстары мұражайларының iшiнде ең жақсы мұражай екенiн айтып жоғары баға бердi. Ашылғаннан кейiн мұражайға Қазақстанның, Ресейден, Үндiстаннан, Польшадан, Германиядан мәртебелi қонақтар келдi.

Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргiзiледi. Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған бағдарламалар дайындалған, оның құрамында әр түрлi iс-шаралар бар:

«Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негiзiнде өлкемiздiң көне тарихын насихаттау мiндеттерiн шешедi.

«Туған табиғаттың тазалығы үшiн» жобасы туған табиғат туралы тереңдете бiлу, оған сақтықпен қарауды шешедi.

«Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетi» жобасы қазақ мәдениетiнiң бай мұрасын зерттеудi шешедi.

«Мәңгiлiкке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы әңгiмелейдi және патриоттық сезiмге баулиды, 20 ғасырдың соғыстарын, ядерлiк қару сынақтары туралы айтады.

«Халық күнтiзбесiнiң мерекелерi» жобасы әр түрлi халықтардың салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлi этностардың мәдениетiне құрметпен қарауға баулиды.

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 15:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 15:29