С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйi

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл аудан, Сәбит ауылы.

Директоры: Сарсекова Әлия Ескендiрқызы.

Байланыс телефоны: +7 71544 5-15-22.

Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1990 жылы Сәбит ауылында С. Мұқановтың ағасының үйiнде ашылды. Мұражай жалпы аумағы 180 ш.м., бiр қабатты қарағай бөренеден жасалған, ағаш ғимарат 5 бөлмеден тұрады: ұйқы жайы, қонақ жай, зал, ас бөлме, кiрiс жайы. Үй аумағында 247 ш.м. көлемде саябақ орын алады, онда жазғы сауығу орны және шошала орналасқан. Экспозиция мемориалдық мұражай типi бойынша салынған және-де жазушының кабинетi, ұйқы жайы, шығармашылық мұрасы, жазбалары, кiтаптары мен жеке киiмдерi орналасқан залдан тұрады. Мұражайда этнографияға қатысты экспозиция да бар. Қорда С. Мұқановтың әдеби шығармашылығына қатысты өнегелi құнды құжаттар сақталған. Мұражайда жалпы жәдiгерлер саны 364 бiрлiктi құрайды. Жол картасы бағдарламасын iске асыру барысында үй-мұражайда және қонақ үйде толыққанды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Мұражай аумағында жазушыға арнап бюст орнатылған.

С. Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына орай қазiргi заманның талаптарына сай жаңа жәдiгерлердi қоса жаңа экспозиция құру жоспарлануда.

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 16:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 16:10