Мәдениет

Облыста 577 мәдениет объектiсi жұмыс iстейдi: 239 клуб, 321 кiтапхана, 12 музей, 3 театр, филармония, кинобейнеқорды сақтау және пайдалану жөнiндегi орталық.

17 мәдениет нысаны ашылды: 12 демалыс орталығы, 5 кiтапхана:

  • Аққайың ауданы Черкасское, Степное, Астраханка ауылдарындағы демалыс орталығы /жеке меншiк/;
  • Ғ. Мүсiрепов ауданы Сокологоровка, Ялта ауылдарындағы демалыс орталығы /мем./;
  • М. Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылындағы демалыс орталығы /жеке меншiк/;
  • Уәлиханов ауданы Бидайык, Жамбыл ауылдарындағы демалыс орталығы /мем./;
  • Тимирязев ауданы Жарқын, Комсомольский ауылдарындағы демалыс орталығы;
  • Ақжар ауданы Горьковское ауылындағы демалыс орталығы /жеке меншiк/;
  • Тимирязев ауданы Белоградовка ауылындағы демалыс орталығы /мем./;
  • Аққайың ауданы Дайындық ауылындағы кiтапхана/жеке меншiк/;
  • Жамбыл ауданы Железное ауылындағы кiтапхана /мем./;
  • М. Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылындағы кiтапхана /мем./;
  • Ақжар ауданы Байтөс ауылындағы кiтапхана /мем./;
  • Ғ. Мүсiрепов ауданы Чернобаевка ауылындағы кiтапхана /мем./.

Рухани қазына

«Рухани қазына» бағдарламасының негiзгi мақсаты тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, насихаттау және заманауи қазақстандық мәдениеттiң үздiк жетiстiктерiн елiмiз бен шетелде дәрiптеу.

Жалпы «Рухани қазына» кiшi бағдарламасы 3 арнайы жобадан тұрады (Туған жер, Қазақстанның сакральдi географиясы, Заманауи Қазақстандық мәдениет), олар өз iшiнен 3 негiзгi бағытқа бөлiнедi (Туған жер — туған ел, Қасиеттi Қазақстан, Қазақстанның мәдени жетiстiктерi).

Аталған бағыттарды жүзеге асыру мақсатында Басқарма тарапынан 22 iс-шара өткiзу жоспарланған (соның iшiнде есептегi кезеңде 12-сi жүзеге асты немесе жүзеге асуда).

2018-2022 жылдары аралығында мәдениет саласы бойынша 10 iс-шараны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Сакральдi Қазақстан» негiзгi бағдарламасы аясында бүгiнгi таңда 19 сакральдi нысан анықталды, соның iшiнде 6-уы (Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, Абылай хан резиденциясы, Қожаберген жырау жерленген жерi, Ботай қонысы, Құлсары батыр жерленген жер, Сырымбет мекенi) республикалық сакральдi картасына кiрдi. Басқарма облыстың интерактивтi сакральдi картасын әзiрлеп, таныстырды.

Клуб мекемелерi

Облыстың клуб мекемелерi 20762 iс-шара өткiздi, соның iшiнде аулдық мекемелердi — 19 179. Тұрғындар саны 1 244 995 адамды қамтыды, соның iшiнде ауылдық тұрғындар — 810603. Қаржыландыру көлемi 572799,3 теңге, соның iшiнде ауылды — 434 712,3 теңгенi құрады.

Облыстық халық шығармашылығы және мәдение-бос уақыт қызметiнiң орталығы

2017 жылдың 9 айы iшiнде 136 мәдени-бұқаралық (осындай кезеңмен салыстырғанда 14 iс-шараға артық) және 14 облыстық iс-шара (2016 жылы — 13) ұйымдастырды. Мәдени-демалыс мекемелерi барлығы 11 466 iс-шара өткiздi.

Театрлар

Ағымдағы кезеңде облыс театрларымен 461 спектакль қойылды, 49 183 көрерменге қызмет көрсетiлдi (2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 12618 көрерменге артық), 6 жаңа спектакль қойылды:

  • С. Мұқанов атындағы қазақ театрында: Р. Отарбаеватың «Қасiрет» драмасы, «Ер Төстiк» ертегiсi, Ш. Мұртазаның «Әзиза» драмасы;
  • Н. Погодин атындағы орыс драма театрында: Э. Портердiң «Полианна» комедиясы, О. Жанайдаровтың «Жұт» драмасы, Е. Кинцельдiң «На исходе суток».

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Ақтау қаласында өткен драмалық театрлар фестивалiнiң лауреаты атанды және Ә. Мәмбетовтiң 85 жылдығына арналған «Сахнадан Сәлем!» V-шi халықаралық театр фестивалiне (Ақтау, 12-17 маусым) қатысты.

Н. Погодин атындағы орыс драма театры 2017 жылғы 8-17 қыркүйек аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласындағы театрлар фестивалiне қатысты. Көрермендер назарына «Жұт» спектаклiн (драматургия — Олжас Жанайдаров, қоюшы-режиссер Тимур Каримжанов) ұсынды.

Филармония

Солтүстiк Қазақстан облыстық филармониясы 107 концерт ұйымдастырды, облыс аудандарына 24 гастрольдiк iссапарға шығып, 32 754 адамға қызмет көрсетiлдi (2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 34,7% көп).

Музейлер

Тарихи-мәдени мұраны танытуда музейлердiң маңызы зор. Облыста 12 мемлекеттiк музей бар, соның үшеуi Петропавл қаласында орналасқан.

2017 жылдың 9 айы iшiнде облыс музейлерiмен:

1479 экскурсия, 971 iс-шара өткiзiлдi, 157 көрме ұйымдастырылды, 257 дәрiс оқылды, келушiлер саны — 12 5132 адам. Ақылы қызметтерден түскен қаражат — 6835707 (682840 теңге). «Мұражайға сый» акциясы аясында 593 экспонат келiп түстi.

Кiтапханалар

2017 жылдың 9 айы iшiнде 194 745 облыс тұрғыны қатысқан 9 760 iс-шара өткiзiлдi. 2017 жылдың ағымдағы кезеңiнде облыс кiтапханалары 179 724 (осындай кезеңмен салыстырғанда 2770 пайдаланушыға артық) пайдаланушыға қызмет көрсеттi. Кiтап беру саны — 3 497 282 ( ткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 18879 артық) дана.

Мемлекеттiк кiтапханалар қоры 3 685 462 құжаттан құралған (2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 12 380 дана аз, бұл ескiрген, тозған, бейiндi емес әдебиеттердi есептен шығаруға байланысты). 56 182 дана әдебиет келiп түстi (+17 555).

5 қыркүйек С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да Ресей мен Қазақстанның арасында қалыптасқан қарым-қатынасты ары қарай дамыту аясында, «Ресей және Қазақстан — мәңгiлiк достықтың қос қанаты» ұранымен Зауралье халықтарының күндерi» ақпараттық-гуманитарлық акциясы өттi. Делагация құрамында Қорған облысы, Ямало-Ненец автономиялық округiнiң өкiлдерi болды. Зауралье халықтары Ассамблеясы Кеңесiнiң төрағасы Уфимцев Владимир Дмитриевич облыстық кiтапханаға Қорған баспаларынан шыққан кiтаптарды сыйға тартты.

9 қыркүйек С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-өлкетану музейi жанындағы «Асыл мұра» ғылыми орталығының қызметкерi, құрметтi журналист А.К. Қуантаевтың «Орны дара, жұрты дана Майбалық» кiтабының тұсаукесерi өттi.

С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да Қызылжар ауданының орталықтандырылған кiтапханалар жүйесi «Туған өлкем-қандай көркем» атты бағдарламасын ұсынылды.

Кинобейне қорды сақтау және пайдалану орталығы

Кинобейне қордың есепке алынуын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн ағымдағы кезеңде 1830 фильм (14 382 бөлiм) тексерiлдi (қалпына келтiрiлдi), соның iшiнде қазақ тiлiнде 12 көшiрме. Соның iшiнде тексерiлген фильмдер көшiрмелерi:

I санат — 11 көшiрме (осындай кезеңмен салыстырғанда 5 көшiрмеге көп);

II санат — 90 көшiрме (2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 35 көшiрмеге көп);

III санат — 1729 көшiрме (2016 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 40 көшiрмеге аз, фильмге және фильмнiң техникалық жағдайына байланысты).

Техникалық төлқұжаттарда фильм көшiрмелерi тексерiлгенi туралы тиiстi белгiлер қойылды.

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2018 15:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.09.2018 15:27