Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончар к-сi, 112.

Директордың м.а.: Қасқарбаева Алтынай Тлеулесқызы.

Байланыс телефоны: +7 71534 2-74-09.

Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Шал ақын ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы 1986 жылдың 25, ақпанында мектеп мұражайы негiзiнде қаланды. Негiзiн қалаушы Ұлы Отан соғысының қайраткерi Кузнецов Василий Дмитриевич. 2005 жылы мұражай мемлекеттiк мекеме мәртебесiн иелендi. 2007 жылы мұражай жаңа жөнделiп жабдықталған ғимаратқа көшiрiлдi. Мұражай аумағы 668 ш.м. құрайды, одан экспозиция көлемi 239,0 ш.м. Экспозицияда жаңа қазiргi заманға сай жабдықталу, залдарда 1326 жәдiгер орналасқан. Жалпы жәдiгер саны — 3534. Қорлар мен экспозиция Шал ақын ауданының тарихына, Сергеевка қаласының атақты тұлғаларға арналған аумақты материалға толы. Экспозиция өлке тарихы ертедегi заманнан қазiргi күндерге дейiн тарихи кезеңдерге бөлiнген. Ұлы Отан соғысына арналған экспозиция мұражайдың көлемдi бөлiгiн қамтиды. Мұражай қорларында аудан тарихына қатысты фотобейнелер, қол жазбалар, әр қилы құжаттар сақталған. 2009 жылы Сергеевка қаласында қаланың құрылу күнiне 40 жыл толу мерекесi тойланды. Мұражаймен «Сергеевка -кеше, бүгiн, ертең» атты көрме дайындалды. Қала, су қойма мен субайланысының алғашқы құрылысшылары шақырылды. Мұражайда бейбiтшiлiк күнi, Конституция күнi, Бiлiм күнi, Қарт адамдар үшiн ашық есiк күндерiне арналған сабақтар өтедi.

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 16:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 16:28