М. Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

Мұражай 2011 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ашылды.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Булаев қ-сы, Киреев көшесi 15.

Директордың м.а.: Жұмағұлов Серiк Тұрарұлы.

Телефоны: 8-715-31-22345.

Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Аудан мұражайының экспозициясы — 5 залда орналасқан белгiлi жүйе бойынша орналастырылған заттарды мақсатты көрсету: «Ауданның 18 ғасырдан 1917 жылға дейiнгi тарихы», «Ауданның 1917–1991 жылдар аралығындағы тарихы», «Поэзия жұлдызы Мағжан», «Тәуелсiздiк залы», «Табиғат залы». Алдын ала қарастырылған түпкi ой тақырыпты кең ашады. Экспозицияда бұрынғы және қазiргi заманның оқиғалары қамтылған.

Мұражай қызметкерлерiнiң ғылыми-зерттеу жұмысы Мағжан Жұмабаев ауданының тарихын, өлкетануын зерттеуге, ұлы ақын, жерлесiмiз Мағжан Жұмабаевтың өмiрi мен қызметiн зерделеуге бағытталған.

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018 16:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 16:40