Қарасай мен Ағынтай батырларға мемориалдық кешен

Қарасай мен Ағынтай батырларға мемориалдық кешен

Саяхаттау жолы: жаяу

Ұзақтығы: 1 күн

Маршруттың ұзындығы: 20 км

Маршруттың жұмыс iстеу мерзiмi: жыл бойы.

Топ құрамының саны: 30 адамға дейiн

Маршрутты сипаттау: Маршрут Саумалкөл поселкесiнен басталады, оған дейiн Петропавл қаласынан рейстiк автобуспен Айыртау және Имантау селоларына дейiн жетуге болады. Бұл бағыттта Қарасай мен Ағынтй батырлардың кесенесiмен танысуға болады, ол тарихи құндылық. Маршрут Саумалкөл селосынан оңтүстiкке қарай Мәдениет ауылына өтедi, оның шығыс жағында, Абылай ханмен жоңғар жаугершiлерiмен күресiнде үзеңгiлес болған Ағынтай батыр мен Қарасай батырдың зиратына қойылған мемориалдық кешен орналасқан.

Екеуi де бiр зиратқа, мемориалдық кешеннiң жанында орналасқан Құлшынбай-төбе шоқысында жерленген.

Ағынтай Арғын руынан (Солтүстiк Қазақстан) 1533 жылы туған, Қарасай батыр, Алтынайдың ұлы 1598 жылы туған. Ол Шапырашты руынан (Оңтүстiк Қазақстан), Қазақстан Президентi Н.Ә.Назарбаевтың арғы атасы. Биiктiгi он алты метрлiк екi күнбез (Қарай батыр мен Ағынтай батырдың кесенесi) және биiктiгi он екi метрлiк мешiт — кешеннiң негiзгi құрылғылары. Кесененiң артында гранит плита орнатылған. Мұнда Қарасай батырдың егiз екi ұлы жерленген. Күнбездер маңында тағы бiрнеше жауынгерлердiң зираты бар. Бұл зираттарға жиек жасалып, гранит сынықтарымен толтырылған.

Биiк төбеден Айыртау даласына керемет көркем көрiнiс ашылады. Тұрғызылған кесене ынтымақтастық пен достықтың, барлық Қазақстан халқтары бiрлiгiнiң белгiсi болып табылады.

«Прогресс» туристiк агенттiгi

Мекенжайы: Петропавл қ. Интернациональный к., 55

Тел. 46-98-44, 46-98-32

e-mail: protur@mail.ru

Мақаланың шыққан күні: 25.09.2018
Қаралым саны: 9151